Білім беру бағдарламасы - Құқықтану

Академиялық дәрежесі: 

бейіндік дайындық кезінде - "Құқықтану" мамандығы бойынша құқық магистрі»;
ғылыми-педагогикалық бағытта - "Құқықтану" мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі» 
 Заңтану білім беру бағдарламасы бойынша біздің университетте сізді не үйретеді:

Проблемаларды шешуге, бастапқы деректерді сыни бағалауға және коммуникацияға байланысты дағдыларға;
Терең жүйелік білімдермен және жалпы заң ғылымының қазіргі жай-күйін, ғылыми зерттеулер саласын және кәсіби құқықтық практика саласын көрсететін құқықтық мәселелерді, тәсілдер мен үрдістерді сын тұрғысынан бағалай білу;
Жалпы ғылыми әдістерді, сондай-ақ мемлекет пен құқық саласындағы өздерінің ғылыми зерттеулеріне және қазіргі ғылыми ізденістеріне қолданылатын арнайы әдістерді түсіну және пайдалана білу;
Жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін заң ғылымында қолданылатын зерттеулер мен талдаудың қазіргі әдістерін практикалық түсінумен қатар, бар білімдерді түпнұсқалық қолдануды табу;
Қазіргі ғылыми зерттеулер мен құқықтану саласындағы ғылыми білім саласының теорияларын сын тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;

Оқуды бітіргеннен кейін қайда жұмыс істеуге болады:

1) бейінді даярлық кезінде - құқық қорғау органдары, сот органдары, әділет органдары, мемлекеттік органдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар;

2) ғылыми – педагогикалық бағытта-білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстармен айналысу;

"Құқықтану" білім беру бағдарламасына түсу шарттары -  өту

Оқу мерзімі:

ғылыми-педагогикалық бағыт-2 жыл;
бейіндік бағыт-1,5 жыл; 1 жыл
Оқу түрі:

күндізгі
Оқыту тілі:

қазақ;
орыс;
Форманы толтыру арқылы 24 сағат ішінде тегін кеңес алыңыз:

біздің оқытушылар
Барлық оқытушылар