15.06.2022
«ТЕХНОЛОГИЯ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЖББП» КАФЕДРАСЫНДА МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯЛАРДЫ ҚОРҒАУ
2022 жылдың 14-15 маусымында АГЭУ «СЫМБАТ» Дизайн және Технология Институтының «Технология, экономика және ЖББП» кафедрасында келесі білім бағдарламалары бойынша магистрлік диссертациялардың қорғауы өтті:
7М07201 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;
7М01401 Кәсіптік оқыту;
7М04101 – Маркетинг;
7М02101 – Дизайн.
Магистрлік диссертацияларды қорғау бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясы тақырыптардың өзектілігін, ғылыми жаңалығын, диссертациялық зерттеулердің теориялық және практикалық маңыздылығын атап өтті.