Магистратураға және докторантураға түсу шарттары

Магистратура мен докторантураға қабылдау шарттары

 

ЖжЖООКББҰ (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы) магистратурасына, докторантурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

 

МАГИСТРАТУРА

 

Магистратураға түсушілерге өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары келесі мерзімдерде жүзеге асырады:

1) күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін;

2) күнтізбелік жылдың 5-18 қарашасы аралығында.

Магистратураға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар ЖОО-да келесі мерзімде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 16-25 шілдесі аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында.

 

Магистратураға түсетін тұлғалар күнтізбелік жылдың 25 тамызынан бастап 28 тамызына дейінгі кезеңде МБҰ-ға немесе электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (портал) арқылы келесі құжаттар топтамасын ұсынады:

1) ЖОО басшысының атына өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат;

3х4 см 4 алты фотосурет;

5) 075/у нысанындағы медициналық анықтама;

6) шет тілін білуді растайтын сертификат:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті баллкемінде 6,0;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті баллкемінде 60;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті баллкемінде 498;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/level C1), TestDaF-Prufung (NiveauC1/level C1);

Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B1 деңгейінен төмен емес, DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - C1 деңгейі, TCF ( Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл.

7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізбесі (бар болса).

 

Қабылдау емтихандары

 

КТ қамтиды:

1) ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушiлер үшiн: шет тiлiнен тест, бiлiм беру бағдарламалары тобының бейiнiне сәйкес тест және оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;

2) мамандандырылған магистратураға түсушілер үшін: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеу және оқуға дайындықты анықтауға арналған тест;

3) ағылшын тілінде оқытатын мамандандырылған магистратураға түсушілер үшін: ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде оқуға дайындықты анықтауға арналған тест (қалау бойынша);

4) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсетіндер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тест, оқуға дайындықты анықтауға арналған тест;

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) белгілеген КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен (ҰТО) өткізіледі.

КТ нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталған электрондық сертификат беріледі.

Қабылдау (шығармашылық) емтихандарын және КТ тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар талапкер кіретін ОБПО-да өткізіледі.

 

Қажетті балл жинаған халықаралық сертификат (TOEFL, IELTS) болған жағдайда талапкер КТ шет тілі бойынша тестілеуден босатылады.

 

Оқу мерзімі:

1. Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл;

2. Бейіндік бағыт – 1 жыл;

 

Магистратура мамандықтарының тізімі

 

Дайындау

бағыты

Білім беру

бағдарламасы

7М021

Өнер

7М 02101 Дизайн

7М 02102 Сәндік өнер

7М072

Өндірістік және өңдеу салалары

7М07201 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

7М07201 Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы

7М041

Бизнес және басқару

7М04102 Экономика

7М04115 Маркетинг

7М042

Құқық

7М04201 Құқықтану

 

7М011

Педагогика және психология

7М01101 Педагогика және психология

 

7М013

Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау

7М01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

7М014

Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарын даярлау

7М01402 Бейнелеу өнері және сызу

 

7М01401 Кәсіптік оқыту

 

Докторантура

 

Докторантураға өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы мынадай мерзімде жүзеге асырады:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 5-18 қарашасы аралығында.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтарына қабылдау емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта.

Қабылдау емтиханын тапсыру күні мен уақыты, орны жеке кабинет арқылы талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) бөлінген, оның ішінде:

- сынақ үшін

докторантурада оқуға дайындығын анықтау – 50 минут;

- білім беру бағдарламасының тобының бейіні бойынша эссе және емтихан сұрақтарына жауап жазу үшін – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Қабылдау емтиханын компьютерлік форматта бастау үшін талапкер:

1) логинді көрсетуі;

2) парольді көрсетуі;

3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы кіруі;

4) докторантураға түсу емтиханын компьютерлік форматта өткізу қағидаларымен танысуы;

5) қабылдау емтиханы туралы деректердің дұрыстығын растауы;

6) «Кіру» түймесін басқаннан кейін қабылдау емтиханына өтуі тиіс.

Магистратура мен докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күнтізбелік жылдың 15-28 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 26 ​​желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

 

Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат;

4) шет тілін білуді растайтын сертификат:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті баллкемінде 5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті баллкемінде 46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті баллкемінде 453;

TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program), шекті баллкемінде 460;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);

Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;

5) № ҚР DSM-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама.

6) 3х4 см өлшемдегі алты фотосурет;

7) жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметі куәландырған кадрлық есеп бойынша жеке парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жоспары, эсселер және басқа да құжаттар) тізбесі.

4) және 7) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсынылады, олар салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Сертификаты бар тұлғалар (TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program)) докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге ​​қосымша тестілеуден өтеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 баллды құрайды.

Ағылшын тілін білуге ​​қосымша тестілеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда ҰТО жүргізеді.

Ағылшын тілін білуге ​​арналған қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты және орны талапкерлердің назарына олардың жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.

 

Оқу мерзімі: 3 жыл

 

Докторантура мамандықтарының тізімі

 

Дайындау бағыты

Білім беру бағдарламасы

8D021

Өнер

8D02101 Дизайн

8D072

Өндірістік және өңдеу салалары

8D07201 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

 

"Электрондық үкімет" www.egov.kz  веб-порталы арқылы құжаттарды тапсыру рәсімі туралы қосымша ақпаратты ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (2021 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша) құжатынан қараңыз.