Бакалавриатқа қабылдау шарттары
Маңызды ақпарат
Ақылы оқуға түсу үшін талапкер қаңтар, наурыз, маусым немесе тамыз айларында өткен ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) 2022 сертификаттарының біреуіне ие болуы керек.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілдесі аралығында өткізілетін ҰБТ сертификаты жарамды.
ЖОО-на білім беру грантына түсу үшін шекті балл – кемінде 50 балл, ал педагогикалық бағыттағы мамандықтар үшін – кемінде 75 балл.
Бұл ретте ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау керек.
(ҰБТ туралы қосымша ақпаратты «ҰБТ 2022 ережелері» бөлімінен қараңыз).
Шекті балл жинай алмаған, бейіндік пәндер сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған тұлғалар ЖОО-на күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
Талапкер тамыз айында өткен ҰБТ-дан өту балын жинай алмаған жағдайда, ол ЖОО-на ақылы бөлімге түсе алады. Бұл жағдайда талапкер ЖОО-на шартты түрде қабылданады және ағымдағы оқу жылында қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Осы мерзімде ҰБТ-ны қажетті балмен тапсыра алмаса, университеттен шығарылады, оқу үшін төлеген сома жойылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері
Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау 1 маусымнан 25 тамызға дейін.
Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өтеді.
20 маусым мен 24 тамыз аралығында арнайы педагогикалық емтихандар өтеді.
ТжКБ түлектері және
2 жоғары білім негізінде талапкерлер
- Білім берудің қысқартылған нысаны бойынша ақылы негізде байланысты салаларға түсетін ТжКБ түлектері тестілеуден (әңгімелесу негізінде қабылдау) босатылады;
- Қысқартылған нысандағы білім беру грантына үміткерлер ҰБТ тапсырып, оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, ал педагогикалық мамандықтар бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша 5 баллдан кем болмауы тиіс. .
- Бакалавриаттың сәйкес мамандықтан өзгеше басқа мамандықтарына түсуге ниет білдірген колледж түлектері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады.
- Ақылы оқуға екінші жоғары білім негізінде талапкерлер әңгімелесу негізінде қабылданады.
Бакалавриат мамандықтарының тізімі
Дайындау бағыты |
Білім беру бағдарламасы |
Кәсіптік пәндер |
6В021 Өнер |
6В02101 Дизайн (сән, интерьер, жарнама) |
2 шығар-машылық емтихан |
6В02103 Сәндік өнер |
||
6В02104 Сценография |
||
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
6В01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау |
2 шығар-машылық емтихан |
6В01402 Бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау |
||
6В01403 Кәсіптік оқыту |
||
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары |
6В07201 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
|
Математика, физика |
6В07202 Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы |
||
6В041 Бизнес және басқару |
6В04102 Экономика |
Математика, география |
6В04103 Есеп және аудит |
||
6В04104 Қаржы |
||
6В04105 Менеджмент |
||
6В04106 Маркетинг |
||
6В042 Құқық |
6В04201 Құқықтану |
Адам. Қоғам. Құқық. Тарих |
6В011 Педагогика және психология |
6В01101 Педагогика және психология
|
Биология, география |
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
|
Биология, география |
6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6В06101 Информатика |
Физика, математика |
6В06106 Ақпараттық жүйелер |
||
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01501 Информатика мұғалімдерін даярлау |
Физика, математика |
6В01502 Биология мұғалімдерін даярлау |
Биология, География |
|
6В01503 География мұғалімдерін даярлау |
История, География |
|
6В031 Әлеуметтік ғылымдар |
6В03101 Психология
|
География, Биология |
"Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы құжаттарды тапсыру рәсімі туралы қосымша ақпаратты ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (2021 жылғы 5 қарашадағы соңғы жағдай бойынша) құжатынан қараңыз.