Мамандықтар
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
Университет бакалавриаттың 30 мамандығы, магистратураның 11 мамандығы, PhD докторантураның 2 мамандығы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. "Дизайн" және "жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы"мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеудің болуы білім беру бағдарламаларының сапасын мойындаудың куәсі болып табылады.
Оқытушылар
Университет ПОҚ біліктілігінің жоғары деңгейі ғылым мен білім берудегі жыл сайынғы жетістіктермен расталады, атап айтқанда "ЖОО-ның үздік оқытушысы", ПОҚ республикалық және халықаралық конкурстарға, конференцияларға қатысуы, шетелдік тағылымдамалардан өтуі және т. б.
ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Қазіргі уақытта "Алматы" Университеті бес қабатты оқу корпусынан, жатақхана ғимаратынан, кітапханадан, асханадан, акт залынан, спорт залынан, медициналық пункттен тұратын оқу-өндірістік кешен болып табылады. Жалпы ауданы 5754,8 м2 құрайды
МИССИЯСЫ
Білім, ғылым, өндіріс және бизнес интеграциясы негізінде бәсекеге қабілетті және білікті мамандар даярлау.
Алматы университеті көп салалы ЖОО ретінде білім беру, зияткерлік және инновациялық кеңістікті қалыптастыруды, әлемдік үрдістер мен принциптерге сәйкес үздіксіз білім беру сапасын қамтамасыз етуді, белсенді халықаралық ынтымақтастық пен университет студенттері мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуді көздейді.