АҮББУ құрылымдық бөлімшесі

 

АҮББУ Веб-сайтқа өтіңіз

АҮББУ  университетінің тарихы

    Алматы үздіксіз білім беру университеті алғашқы рет өз есіктерін студенттерге 1998 жылы ашты. Алғашқы оқу жылында университетке тек 37 студент қабылданып, ал оқытушылардың саны 10 адамнан аспаған. Сол жылдары оқу орнының тұңғыш басшысы техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Әйтенов Кеңес Жолдасбайұлы (1998-2001) болды. Кеңес Жолдасбайұлы университеттің дамуына және білім беру үрдісінің жүйеленуіне мол үлес қоса білді. Кейінгі жылдардағы университет ректорлары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Пірәлиев Қалдыбек Жайлауұлы (2001-2008), экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Пірәлиев Ғалымжан Серікұлы (2008-2010), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ербай Талғат Мәделиұлы (2010-2012), техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Құлжабаев Бауыржан Жамалбекұлы (2012-2015) болды. Университеттің жоғарыда аталған басшылары университетіміздің дамуына үлкен үлес қосты. 2013 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрі Б.Т. Жұмағұловтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік емес білім беру мекемелері Қазақстандағы университеттердің санын қысқарту үшін біріктіріліп және шоғырландырылды. Осыған байланысты 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университеті және «Сымбат» сән академиясы Үкіметтің 2013 жылғы 31 қаңтардағы қаулысы негізінде Алматы Университеті деп аталды. 2015 жылдан бастап декан, кейін университеттің ректоры жас ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы (2015-2017) сайланды. Бүгінгі таңда «Алматы» Университеті – бұл 39 білім беру бағдарламалары, оның ішінде 26 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2– PhD докторантура бойынша оқу жүргізілетін, «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Қызмет көрсету» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО. 2017-2018 оқу жылы университет ректоры ретінде химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының құрметті академигі Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы тағайындалды.